Сарыағаш аудандық полиция бөліміне екі бірдей тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, танысы «жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден екі бөлмелі пәтер алып беремін» – деп, 300 000 теңге ақшасын алып қайтармай қойған. Екінші әйел өз арызында алаяқ «Шымкент қаласынан үй алып беремін» – деп, 450 000 теңге ақша алғанын көрсетті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Бұл жайтқа қатысы бар күдікті жергілікті тұрғын әйел адам болып шықты.
Тексеру кезінде күдікті бірнеше жыл өтіп кетсе де берген уәдесін орындамай, алаяқтық жасап жүргені анықталды. Ол жәбірленушілерден алған ақшаны, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері таныс және бейтаныс адамдарға ақшаға қатысты шешімдерді сақтық шараларын сақтай отырып қабылдауға кеңес береді. Сонымен қатар күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға банк шот нөмірін бермеуді сұранады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі