Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Түркияның Бас консулы 15 шілде оқиғасын еске алды

Танымал

Ел аузында

Алматыдағы Еуразия институтында Түркияның Алматыдағы Бас консулдығы 15-шілде демократия мен ұлттық бірлік күніне орай ресми жиын өткізді. Аталмыш шарада Түркияның Алматыдағы Бас консулы Али Рыза Акынджы мырза журналистерге  15 шілде оқиғасы туралы әңгімелеп берді. Бас консулдың айтуынша сол қанды қырғында  251 адам қайтыс болып,  2700 ден астам адам түрлі деңгейдегі жарақат алған көрінеді.

Еске ала кетсек, 2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияда Фетуллах Гүлен лаңкестік ұйымының мүшелері әскери төңкеріс жасай жаздаған болатын. Мемлекетті қорғауға шақырған Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның сөзінен кейін халық көшелерге мыңдап шығып, елін қорғау жолында құрбан болды.

 Өз сөзінде Бас консул аталмыш оқиғаның еліміздегі қаңтар оқиғасымен көп ұқсастығын да атап өтіп, «сол күндерде қазақ бауырларымыз үшін қаншалықты қиын күндер болғанын жақсы сезіндік. Сондықтан алдағы күндерде ел басына ондай қиын күндер болмауына да тілекшіміз» деп тілектес екендігін жеткізді. Арада алты жыл өтсе де 15 шілде оқиғасында құрбан болғандарды құрметпен еске алатындарын жеткізген бас консул жұма күні 15 шілдеде шейіт болған бауырларды еске алу жиынын өткізіп, құран бағыштап, ас беретіндерін де атап өтті.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...