Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Досының дүкеніне ұрлыққа түскен жас жігіттер қолға түсті

Танымал

Ел аузында

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның дүкеніне белгісіз біреулер кіріп, ақша мен сусындарды ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 50 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Саурандық сақшылар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар екі жас жігіт, ауыл тұрғындары ұсталды.
Анықталғандай, күдікті екеу арызданушының ұлының досы болып шықты. Олар түнгі уақытта дүкенде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, терезесі арқылы кіріп, ақша мен сусындарды жымқырып кеткен. Қазіргі таңда жас жігіттерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін сақтық шараларын ұстануды сұрайды. Тұрғын үйлер мен дүкендердің, ғимараттардың терезесіне темір тор орнатып, мүмкіндігінше бейнебақылау камераларымен жабдықтауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...