Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Елімізде жаңа лауазым пайда болды

Танымал

Ел аузында

Құзырет-функциялары Есеп комитетіне ұқсас.

Есеп комитеті жойылып, орнына жаңа ұйым құрылғалы жатыр. Ол туралы ережені бекітетін Президент жарлығының жобасы жарияланды. 

Референдумда қабылданған Ата заңға сәйкес Есеп комитеті тарих қойнауына кетіп, мемлекетте Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) құрылуға тиіс. Оның төрағасын – Жоғары аудиторды Президент тағайындайды. Палата төрағасы бұл лауазымын 5 жыл атқарады, Мемлекет басшысына ұнаса, орынтағын тағы 5 жыл сақтай алады.

Мәжіліс Жоғары аудитордың есебін жылына екі рет тыңдайды. Бірақ есебі ұнамаса, қызметіне көңілі толмаса, оны жұмысынан қуа алмайды. Парламентте ондай құзыр жоқ. Парламентшілердің қолынан келетіні – Мәжіліс пен Сенаттың әрқайсысы ЖАП-тың үш мүшесін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды.

Биыл жаңарған Конституцияның 99-бабында: «Конституциялық сот жəне Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық кеңестің жəне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды» делінген.

Бұл палатаның міндеттері ретінде – «халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру» белгіленген. Құзырет-функциялары Есеп комитетіне ұқсас.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...