Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Экология министрі елде 80 мың киіктің атылмайтынын мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Экология министр Серікқали Брекешев 80 мың киікті атпайтын болды. Министр қоғамда дау туғызған ақбөкендер санын реттеудің басқа жолын қарастырмақ. Оның айтуынша, президент сынынан кейін министрлікпен зоология институты бірлесіп киіктердің популяциясын реттеу бойынша ғылыми зерттеу жүргізбек. Соның нәтижесінен кейін ғана киіктердің «тағдырына» қатысты шешім қабылданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бірақ министр ғылыми зерттеудің нақты қанша жылға созылатынын және қанша қаражат кететінін айтпады. Әйтсе де киіктерді ату күн тәртібінде емес деген Серікқали Брекешев зерттеуден кейін ақбөкендерді ақылы түрде атуға рұқсат берілуі мүмкін деп отыр. Ал егістік алқапты киік таптап, шаруаларды шығынға батырды деген мәселені шешумен ауыл шаруашылығы министрлігі айналысады. 

“Президент сынынан кейін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, қауымдастық және ғалымдармен тағы да жиналып, киіктер популяциясын реттеу және пайдалану мәселесін қайта талқыладық. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды, ғылыми зерттеулерді тереңірек жүргізу қажет деген қорытындыға келдік. Яғни киіктердің көші-қон жолдарын, тіршілік ету ортасын, жем-шөп базасын қарау керек”, – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялаған еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АЛМАЛЫ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНДА «ALMALY NIGHT»КЕЗЕКТІ КВИЗ ОЙЫНЫ ӨТТІ

2024 жылғы 23 қазанда Алмалы комьюнити орталығында Алмалы ауданының демалыс орталықтарынан жастарды жинаған "Almaly Night" кезекті квиз-ойыны өтті. Бұл...