Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

Отырарлық полицейлер суға түсу ережесін бұзған 35 тұрғынға ескерту берді

Танымал

Ел аузында

Жаз мезгілі келгенде, баршамыздың көзімізге еріксіз суға түсу маусымы елестейді. Яғни, ыстық күнде суға түсіп салқындау дәстүрге айналған, салдарынан жағажайлардан адам толастамайды. Дегенмен өкініштісі сол, жүзу білмейтін не болмаса тыйым салынған аумақтарда суға түсу ережесін сақтамайтын жасөспірімдердің қатысуымен келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері де түсіндіру жұмыстарын күшейтеді.

Мысалы Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталағы» мекемесі, аудандық адами әлеуетті дамыту, төтенше жағдайлар бөлімдері өкілдерімен бірлесіп, рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырды.

Тиісті мамандардан жиналған топ, аудан аумағында тұрғындарға суға шомылу аймақтарында, көпшілік шоғырланатын жерлерде, жағажайлар мен каналдарда суға батып кету жайттарын болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қандай да бір әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, жауапкершілігін қарастырды. Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 35 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тұрғындардың барлығына «Ескерту» тәртіптік шарасы көрілді.

Ең құнды байлық – адам өмірі. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ететін полицейлер үшін, тұрғындардың белгіленбеген орындарда суға шомылуына тыйым салу, суға түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаумен қатар, басқа да қауіп-қатерлерден сақтау бағытындағы түсіндіру жұмыстары жалғаса бермек. Және күн тәртібінен түскен емес.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...