Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Жетісайлық полицейлер туысының ірі қара малдарын ұрлап, сатып жіберген жас жігітті ұстады

Танымал

Ел аузында

Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, оның егістік алқапта арқандаулы тұрған 2 бас өгізін белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 350 000 теңге.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарлама түсісімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын маңдағы ауылдар мен егістік алқаптарды қарап шықты. Мал базарлар мен оларға баратын жолдардағы көліктерді тексерді. Осындай жан-жақты тексеру кезінде, ұрланған малдар табылды. Ал оның егесі болса, үй жануарларын жас жігіттен сатып алғанын жеткізді. Алынған ақпарат көздері арқылы мал ұрлығын жасады деген күдікпен жас жігіт ұсталды.

«Жау алыстан келмейді» дегендей, сезікті жәбірленушінің туысы болып шықты. Туысының малы қайда болатынын жақсы білетін жас жігіт, өзіне ақша қажет болғандықтан таңғы сағат 05:30 шамасында арқандаулы тұрған малдарды жетектеп кеткен. Содан бірден мал базарға апарып, сатып жіберген. Бүгінде 2 бас өгіз айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қора-жайды мықтап бекітіп, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға немесе бақташыға тапсыруды ескертеді. Егер де, Сіз, ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Алматы тұлғалары» жобасының қатысушылары марапатталды

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен 14 қазан күні SmArt.Point коворкинг - орталығында «Алматы тұлғалары» жобасының...