Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Қазақстанда қай өңірлер «сары» аймаққа өтуі мүмкін?

Танымал

Ел аузында

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа жақын өңірлерді көрсетті. Сырқаттанушылық артса, олар «сары» аймаққа өтуі мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір «сары» аймақта тек Нұр-Сұлтан тұр. Елордада бір тәулікте коронавирустың 806 жаңа жағдайы тіркелген.

Матрицада Алматы мен Жетісу облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы «сары» аймаққа жақын келгені көрінеді. Алматыда тәулігіне 532 жаңа жағдай анықталған, ал екі облыста 83 және 84 жағдай.

2022 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы: «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді

Бүгін, 2026 жылдың 22 қаңтарында, ауа райының күрт нашарлауына, қатты жел соғып, қардың толассыз түсуіне байланысты Түркістан облысында жүк...