Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Полицейлер тұрғындардың малын ұрлап қасапшыларға өткізген 2 ер адамды ұстады

Танымал

Ел аузында

Қазығұрт АПБ-ға бірнеше жәбірленушілер арызданған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, белгісіз біреулер олардың қора-жайларынан, жайылымдардан 10 бас ірі-қара малы мен 5 бас жылқысын қолды еткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеліп, полицейлер шұғыл іздестіру іс-шараларына кірісті. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 10 миллионға жуық теңгені құрады.

Орын алған қылмыстың ауырлығын ескерген Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Арнайы топ мал ұрлаушыларды ұстау мен қылмысты ашуға бағыт алды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, көрген адамдар мен ауылдықтардан сұрастырды. Мал тасымалдайтын автокөлік және үй малдарын сатып алатын орындарды мұқият тексеріп шықты. Нәтижесінде жедел уәкілдер екі ер азаматтың ізіне түсті. Оларды жергілікті мекенжайынан ұстады.

Белгілі болғандай, күдікті екеу өрістен қайтып келе жатқан, жайылымда жүрген малдарды ұрлап, өз арам ойларын жүзеге асырған. Бөтеннің малын жасырып отырған. Содан үй жануарларын ет соятын қасаптарға сатып жіберген. Қазіргі таңда күдікті 2-еу қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Малыңыз ұрланған немесе жоғалған жағдайда, өз бетіңізше іздеуге уақыт жоғалтпай, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...