Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін» деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Танымал

Ел аузында

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оған танысы «Алматы қаласындағы кедендік бақылауда тұрған бағалы заттарын алып беремін» – деп, сеніміне кіріп, 1 500 000 теңге ақшасын алған. Алайда, ер адам берген уәдесінде тұрмай, не ақшасын қайтармай қойған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Оның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ешқандай қатысы жоқ және жұмыссыз екені де расталды. Анықталғандай күдікті мен жәбірленуші Төрткөл ауылынан Темірлан ауылына жолға шыққанда көлік ішінде танысады. Сезікті ер адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырған. Күдікті жәбірленушінің сөзіне сеніп, екеуі өзара келісімге келген. Алайда, ер адам ақшаны алған соң, хабарсыз кеткен. Күдікті ер адам алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жіберген. Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері таныс және бейтаныс адамдарға ақшаға қатысты шешімдерді сақтық шараларын сақтай отырып қабылдауға кеңес береді. Сонымен қатар күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға банк шот нөмірін, ақшаны сеніп тапсырмауды сұранады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR Қазақстанда ИИ-агенті бар әлемдегі алғашқы өзін-өзі дамытатын MagicOS 10 операциялық жүйесін іске қосты

Жасанды интеллектке негізделген құрылғылар экожүйесіндегі жетекші жаһандық бренд HONOR Қазақстанда MagicOS 10 операциялық жүйесінің іске қосылғанын жариялады. Жаңа нұсқа HONOR Magic жәнеHONOR 400 сериялы құрылғыларда қолжетімді, ал алдағы үш ай ішінде жаңартуды басқа модельдер де алады. MagicOS 10 әлемдегі алғашқы ИИ-агенті бар, өзін-өзі дамытуға қабілетті операциялық жүйе, ол адам мен технология арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа дәуірін ашады. Қазақстандағы іске қосуHONOR компаниясының өңірге стратегиялық мән беретінін және озық инновацияларды бүкіл әлем пайдаланушыларына қолжетімді етуге ұмтылысын көрсетеді. MagicOS 10 дәстүрлі операциялық жүйелерден AI OS дәуіріне өту кезеңіндегі нақты қадам, яғни құрылғылар тек құрал емес, адаммен бірге үйреніп, дамитын интеллектуалды көмекшіге айналатын жаңа парадигма. Бұл қадам HONOR-дың жаһандық көзқарасын айқындайды: технологиялар пайдаланушы өміріне табиғи түрде интеграцияланып, жайлылықты, өнімділікті және қауіпсіздікті арттыруы тиіс. HONORкомпаниясының бас...