Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Полицейлер тұрғынның ауласынан сора есірткісін тәркіледі

Танымал

Ел аузында

Жыл басынан бері облыс полицейлері есірткі еккендер, тасымалдағандар мен сатқандарға қарсы іс-қимыл шаралар күшейтті. Облысқа қарасты барлық қала, аудандарда рейдтік-профилактикалық шаралар жүргізуде. Мәселен Түркістан ҚПБ қызметкерлері тұрғын үйінің ауласында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген ер азаматты ұстады.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» тіркеліп қылмыстық іс қозғалды.
Жедел құрылған полицейлер тобы күдіктінің ауласындағы бау-бақшасынан сора өсімдігін тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес алынған түптер 100 грамға жуық «сора» есірткісі болып шықты.
Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары тұрғынның сора есірткісін өзінің ауласында не себепті өсіргенін анықтауда.

Тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, заңсыз есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеміз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...