Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-19 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Алматыда такси жүргізушісі шетелдікті әуежайдан қонақ үйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген

Танымал

Ел аузында

Алматыда жеке такси жүргізушісі шетелдік әйелді адастырып, әуежайдан қонақүйге бару үшін 45 мың теңге төлеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы әуежайынан қонақүйге дейін Италиядан келген қонақ 45 мың теңге төледі», – дейді ҚР ІІМ Көлік полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Деректерге сәйкес Алматы әуежайының желілік полиция бөліміне қала тұрғынынан хабарлама түсіп, Италия азаматын әуежайдан қонақүйге әдейі өсірген бағамен жеткізген белгісіз таксистке шара қолдануды сұраған.

Көлік полицейлері жеке такси жүргізушісін тез арада анықтады. Ол 48 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

Әуежайдан Бөгенбай батыр көшесінің бойындағы қонақүйге дейін жол жүру ақысын үстемелеп, әдепсіздік танытқан ер адам шетелдікті адастырған. Жүргізуші келтірілген шығынды төледі.

«Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі – қоғамдық орындарда қысым көрсету бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп қосты полиция полковнигі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифровой прорыв в госуслугах: за год казахстанцы оформили около 15 млн услуг через зоны самообслуживания

По итогам 2025 года жители Казахстана всё активнее пользуются возможностью самостоятельно получать государственные услуги в цифровом формате, сообщили в...