Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

Маңғыстауда жол үстіндегі жанжал адам өлімімен аяқталды

Танымал

Ел аузында

Маңғыстауда жол бермегені үшін ашуға булыққан көлік жүргізушілері бір-бірімен жанжалдасып, артынша бірі екіншісін ұрып өлтірген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Ладаға» сілтеме жасап.

Оқиға 22 шілдеде сағат 20:15 шамасында Мұнайлы ауданының Жаңа Дәулет кентінде болған.РЕКЛАМА

Маңғыстаудағы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 35 жастағы күдікті 67 жастағы ер адамды дене жарақатымен жол жиегіне тастап кеткен.

«Алдын ала болжам бойынша, екі жүргізуші бір-біріне жол бермей, араларында жанжал туындаған. Күдікті эмоцияға бой алдырып, көліктен шығып, 67 жастағы жүргізушіні ұрып-соққан. Алған жарақаттарынан кейін жәбірленуші сол жерде қаза болды. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды», – делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазір күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...