Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Алматы облысында көліктен 13 қап киік мүйізі табылды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысында полицейлер жалпы құны 360 миллион теңге болатын киік мүйізін тәркіледі. Мүйіздер 13 қапта салынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

25 шілдеде ҰҚК қызметкерлері мен Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын өткізіп, киік мүйізін заңсыз тасымалдаған адамдар тобын ұстады. 

«Жедел шаралар нәтижесінде «Алматы-Бішкек республикалық тас жолында сотүстік бағытта көлік тоқтатылып, салонынан 13 қапқа салынған 2 048 киік мүйізі тәркіленді. Аймақтық орман шаруашылығы инспекциясының алдын ала мәліметі бойынша мемлекетке келтірілген шығын 360 миллион теңге. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов. 

Қазір тәркіленген мүйіздердің қай жерден алынғаны анықталып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...