Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Полицейлер «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 9500-ге тарта жол ережесін бұзушыларды анықтады

Танымал

Ел аузында

1 айға жоспарланған «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында Түркістан облысының полиция қызметкерлері ауқымды жұмыстар атқаруда. Мәселен іс-шараның 8 тәулігінде полицейлермен 9432 жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталды. Оның ішінде 278 жүргізуші жылдамдық режимін шектен тыс асырса, 360 жүргізуші маневр жасау ережесін бұзған. Ал бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп кетудің 102 жайты, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығудың 26 жайты белгілі болды. Сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеген 570 көлік пен автокөлікті мас күйінде басқарған 48 жүргізуші анықталды. Тәртіп сақшылары қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2000-ға жуық тәртіп бұзушыны, басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 810 жүргізушіні, авариялық жағдай туғызғаны үшін 75 көлік тізгіндеушіні жауапқа тартты.
«Қауіпсіз жол» шарасы кезінде полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 262 ЖҚЕ бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ автокөлікті заңсыз қайта жабдықтау бойынша 112 жайт анықталды. Жалған және қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен көлік құралын басқарудың 7 дерегі анықталып, жүргізушілерге шара көрілді. Айыптұраққа 309 көлік қойылды.
Аталған шара ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың нұсқауына сәйкес жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу, жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында өткізілуде. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Көлік басқарғанда мұқият болыңыздар!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...