Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-9.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Жетісудің жауһары

Танымал

Ел аузында

Анаға құрмет музейі мен Батыр бабалар мемориалының қызметкерлері  «Балалар жылына» орай М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің «Жетісу жауһарлары» атты жобасы аясында Қарасай ауданындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары облыс орталығындағы музейлерге саяхаттап қайытты.  

Туристік саяхатты мақсаты: 50-ден аса оқушыны Алматы облысы мен Жетісу облысының орталығы Талдықорған бағытындағы көрікті жерлерін аралау және жол бойындағы елді-мекендер мен жер-су атауларының шығу тарихын, флорасы мен фаунасымен таныстыру болды.  

Жөл-жөнекей музей қызметкерлері Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы туралы, ауылдардың атауы қалай қойылғаны, Кербұлақ ауданындағы ел аузында «Шыңғысханның шатыры» атанған биік шоқыны көрсетіп, жеткіншектерге туған жердің табиғаты мен тарихын таныстырып отырды.

Жетісудың табиғатын көздерімен көрген оқушылар М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінен Жетісудың кереметін сезінсе, Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінде ақынның өмір-баянымен танысып «Құлагер» поэмасын талдады. Қайтар жолда оқушылар Қонаев қаласындағы «Ретро-автомобильдердің» көрмесіне кіріп есте қаларлықтай әсерде қайтты.  

Анаға құрмет музейінің қызметкері Ж. Жанапиянова

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Аманат» әуе дуэті IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, Дәулет Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Аманат» әуе дуэті Данат пен Данали Досбатыровтар 6-8 желтоқсанда Тула мемлекеттік циркінде...