Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа айыпталушылардың ісі бойынша тергелді. Бұл жөнінде ҰҚК Tengrinews.kz сайтына берген жауабында айтқан.
ҰҚК сондай-ақ Самат Әбіштің ұсталған басқарманың бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер екенін мәлімдеген.
«Самат Әбіш тергелді. Ол Мәсімов, Садықұлов, Ерғожин, Өсіпов және өзгелерге қатысты 175-баптың 1-бөлігі, 179-баптың 3-бөлігі, 218-баптың 3-бөлігі, 3-тармағы, 362-баптың 4-бөлігі 3-тармағы, 366-баптың 4-бөлігінде қарастырылған қылмыстар бойынша куәгер атанған», – делінген ҰҚК жауабында.
Дегенмен Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс тіркелмеген, бұлтартпас шарасы қолданылмаған, деп қосты комитет.
22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Самат Әбіштің «тергеу назарында» екенін айтқан еді. 43 жастағы Самат Әбіш Қаңтар оқиғасынан соң бірер аптадан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен алынды. Алайда оның үстінен қылмыстық іс қозғалмаған.
43 жастағы Самат Әбіш 2000-2006 жылдар аралығында ҚР ҰҚК органдарында офицерлік құрамда қызмет атқарған. Самат Әбіш күш құрылымдарындағы ықпалды адамдардың бірі болған.