Денсаулық сақтау министрі коронавирустың таралуы қашан төмендейтінін айтты

Танымал

Ел аузында

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының таралуы қашан төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің айтуынша, тамызда коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жағдайға дейін өседі. 

«Қазіргі вирустың ерекшілігін, денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін, аурудың таралуын ескере отырып, министрлік сарапшылармен бірге эпидемилогиялық жағдайдың болжамын жасады. Оған сәйкес, тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жағдайға дейін өседі. Ал қыркүйек айында төмендейді деп болжап отырмыз», – деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл бюджеттен коронавирусқа қарсы күреске қанша қаржы бөлінетіні туралы айтып берген еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...