Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері мемлекет тарапынан жәрдемақы шығарып беремін деп, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Танымал

Ел аузында

Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы мемлекет тарапынан жәрдемақы шығарып беремін деп сеніміне кірген. Алаяқ жәбірленушіден осы үшін 350 мың теңге ақша алған. Алайда әр нәрсені бір сылтауратып, уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай тұрғынды әбігерге салған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция басқармасында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ҚПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, 102 телефонына тез арада хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...