Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Келестік көші-қон қызметінің полицейлері қарияның алғысына бөленді

Танымал

Ел аузында

Келес аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне 74 жастағы қарт Жетпісбай Айтенов уақытша тіркеу үшін өтініш білдірді. Ол Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келіп, құжаттарын дайындап беруін сұраған. Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден іске кірісіп, шұғыл түрде 3 айға уақытша тіркеді.

Сонымен қатар қарияны тұрғылықты тіркеу үшін және Қазақстан Республикасы азаматтығын жеңілдетілген түрде қабылдау үшін құжаттарын қабылдап алды. Полиция қызметкерлерінің тез әрі жылдам жұмыстарына риза болған қария өзінің ыстық ықыласын білдірді:
«Қазақстанға көшіп келгеніме 8 күн болды. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері менің құжаттануым үшін шапшаң әрекет етуде.Құжаттарымды қабылдап алып, дайындауға кірісіп кетті. Сондықтан рақметімді айтам. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!» – деді.
Құрметті облысымыздың тұрғындары! Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...