Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.3 C
Nur-Sultan
19.9 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Қазақстанда бір жылда баспана қаншаға қымбаттады?

Танымал

Ел аузында

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы шілдеде тұрғын үй нарығында баға өзгергені туралы хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бір жылда (былтырғы және биылғы шілдені салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,4 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6 пайызға өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғымен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8 пайызға артты», – делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде:

  • Ақтөбе қаласында – 32,5 пайызға,
  • Нұр-Сұлтанда – 27,6 пайызға,
  • Өскеменде 26,1 пайызға қымбаттады.

Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында көш бастап тұрған қалалар:

  • Қызылорда (44 пайыз),
  • Өскемен (43,7 пайыз),
  • Талдықорған (43,4 пайыз)
  • Нұр-Сұлтан (41,3 пайыз),

Тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (47,2 пайыз).

«Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары – 0,8 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату 0,5 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4 пайызға жоғарылады», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...