Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
30.3 C
Shymkent

Мақпал Исабекова: Ұлым – алты түрлі ұлттың өкілі

Танымал

Ел аузында

Мақпал Исабекова ұлының ұлтына қатысты сауалға жауап берді. Айтуынша, күйеуінің тегінде төрт түрлі ұлттың қаны бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біздің ұлымыз алты түрлі ұлттың өкілі. Оның екеуі менен, төртеуі күйеуімнен берілді. Бұл маңызды ма?» – деп жауап берді Мақпал Instagram-да сауал тастаған оқырманына.

Аралас ұлт өкілі болғанымен, әншінің күйеуі Қазақстан азаматы болып шықты. Одан бөлек, әнші ұлын ота арқылы дүниеге әкелгенін айтты. 

«Көрсеткіштер бойынша кесарь тілігін жасады. Қан қысымы, жүктіліктің соңғы апталарындағы ісік пен баланың ірі салмағы әсер етті. Бәрі Алланың қалауымен. Өзім тууға бекінгеніммен, ең бастысы, баланың денсаулығы еді. Демек, бала үшін дұрысы сол болды», – деп ағынан жарылды Мақпал. 

Айта кетейік, былтыр тұрмыс құрған Исабекова жуырда тұңғышын дүниеге әкелді. Оған Теодор деп есім берді. Ол ұлының қырқынан шығару рәсімін арнайы мейрамханада атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...