Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Қазгидромет 11-13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс антициклон жотасы республиканың батыс, солтүстік-батыс жартысына әсер етеді, сондықтан алдағы тәулікте негізінен құрғақ және шуақты ауа райы сақталады.

«Елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік бөлігіне жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін оңтүстік циклон шұңқыры мен атмосфералық фронттар әсер етеді, елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел болады деп болжанады», – делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • батыста +30 +38 градус,
  • солтүстік-батыста +23 +35 градус,
  • солтүстікте +20 +28 градус,
  • орталықта +23 +33 градус,
  • шығыста +18 +28 градус,
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +35 градус шегінде,
  • таулы аудандарда +13 +20 градус.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мойынқұмдықтар экологияға жанашырлық танытты

Қазақстанда жыл сайын өткізіліп келе жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы биыл да жалғасын тауып, ел көлемінде ауқымды қолдау тапты....