Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Бақытгүл Хаменова сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ

Танымал

Ел аузында

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Пара алу) бойынша тергелген. Ал «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі бойынша (Пара беру) айып тағылған.

Бақытгүл Хаменова ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетке тең.

Еске салайық, 2021 жылдың желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұған дейін ол үйқамақта болған. Атырау облыстық соты Хаменованың қайта қамауға алынуын “тергеу ісіне әсер ете алуы мүмкіндігімен” байланыстырған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...