Түркістан полицейлері такси жүргізушісінен 10 келіден астам есірткі тәркіледі

Танымал

Ел аузында

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері, патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге есірткі заттарын тасымалдауы мүмкін деген күдікті жүргізушіні ұстады.

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында Түлкібас ауданы аумағындағы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолында «Ауди С4» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тінту кезінде автокөлік салонынан, ішінде есірткіге ұқсас заты бар 1 қап пен 1 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы 10 келіден асатын «кептірілген марихуана» болып шықты. Анықталғандай, күдікті бұрын сотты болған, жеке тасымалмен айналысатын жүргізуші, Жамбыл облысының тұрғыны.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондықтан азаматтарға зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан ағзасы зақымданған және кеуде қуысында сұйықтық жиналып, бүйрек қызметі бұзылған....