Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27 C
Nur-Sultan
32 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

Полицейлер велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады

Танымал

Ел аузында

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, сағат 02:30 шамасында оның тұрғын үйінің ауласында тұрған «AZIA АВТО» маркалы велосипедін белгісіз тұлға жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден келіп жетті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, жақын аумақтарды қарап шықты. Нәтижесінде, қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды.

Белгілі болғандай, сезікті жас жігіт түнгі уақыт шамасында ел ұйқыда жатқанда ұрлыққа барған. Ол ұрлаған бөтеннің мүлкін үйіне жасырып қойған. Полицейлер айғақты зат ретінде велосипедті тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлер мен ғимараттарға, дүкендерге бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...