Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.3 C
Nur-Sultan
19.5 C
Almaty
24.8 C
Shymkent

Алматылық кардиохирургтер сирек кездесетін ақаумен туған 4 жасар қызға күрделі ота жасады

Танымал

Ел аузында

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында сирек кездесетін ақаумен туған 4 жасар қыздың жүрегіне күрделі ота жасады. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды, деп хабарлайды Перинатология орталығының баспасөз қызметі.
Кішкентай пациент туабітті жүрек ақауымен дүниеге келген. Туылған кезде бірден қос қолқа доғасына ота жасалған.

Осы жолы оған сирек кездесетін Лобри-Пецци синдромы бойынша екінші рет хиругиялық операция жасау қажет болды.

«Ота кезінде жүректің көлемі едәуір үлкейіп, кеңейіп кеткені белгілі болды. Операция барысында жүрек тоқтатылып, жасанды қан айналым аппараты пайдаланылды», – дейді кардиохирург Абай Сұртай.

Дәрігердің айтуынша, аорта қақпағына жақын орналасқан ақауды түзету аса қиынға соққан. Дегенмен ота сәтті өтті, қазір бүлдіршін бөлімшеге ауыстырылды, дейді маман.

Естеріңізге сала кетсек, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында МӘМС пакетіне кіретін жоғары технологиялық оталардың жүрек алмастырудан басқа барлық түрлері жасалады. Жыл басынан бері орталық кардиологтары 100-ден астам операция жасалған. Олардың арасында бір жасқа толмаған 55 сәби де бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім...