Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Гарвард университетінің грант иегері Ақназар Қажымұраттың өліміне қатысты мән-жай анықталды

Танымал

Ел аузында

Гарвард студенті атанған қазақстандық оқушы Ақназар Қажымұраттың өліміне қатысты ашылмаған деректер айтылды, деп хабарлайды Экспресс К басылымы.

Алматы прокуратурасы 2021 жылдың қараша айының басында денесі Алматының Бостандық ауданындағы қонақүйлердің бірінен табылған гарвардтық студент Ақназар Қажымұраттың жұмбақ өлімінің мән-жайын айтып берді. 

Сот-медициналық сараптамасы Ақназар Қажымұраттың өлімі психотропты анальгетик — трамадолдан улану салдарынан болғанын көрсеткен. Оның денесінен зорлық-зомбылықпен белгілері табылмаған.

«Мәйіт Vivaldi International қонақүйінің душ бөлмесіндегі еденнен табылды. Оқиға орнын тексеру кезінде ешқандай хат табылған жоқ, бірақ ішінде ұнтақ тәрізді заты бар пластикалық құты табылып, тәркіленді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство өкілдері атап өткендей, сот-химиялық сараптамасы «пластикалық құмырада табылған ұнтақты заттың құрамында Қазақстан Республикасында қадағалауға алынған есірткі құралдары, психотроптық заттар немесе олардың аналогтары болмағанын» көрсеткен. Белгісіз зат салынған құты мәйіттің жанынан кездейсоқ табылған.

Іс бойынша тергеу көктемде, 2022 жылдың 30 наурызында жабылды.

Еске салайық, Алматыда 5 қараша күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік түлегі Ақназар Қажымұраттың мәйіті табылған болатын. Бұдан алдын 3 қарашада оның туыстары із-түссіз жоғалып кеткенін айтып, іздеу салған болатын. Сол күні кешкі уақытта әжесімен телефон арқылы сөйлескен ол одан кейін байланысқа шықпаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жас жігіттің денесін Бостандық ауданынан тапқан. Қазіргі кезде Ақназардың өліміне себеп болған жайттар анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, 2018 жылы Ақназар Қажымұраттың есімі әлемнің жас дарындары арасында кеңінен танылды. Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарынан сүрінбей өтіп, ең жоғары көрсеткішке — 36-дан 36 және 2400-ден 2400 алған. Соның арқасында Американың кез келген үздік жоғары оқу орнын таңдауға мүмкіндік алған. Ол Гарвард университетінің грант иегері еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...