Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
13.2 C
Almaty
18.4 C
Shymkent

Талғардағы 3 млрд теңгеден астам сомаға салынған мектепте тексеріс басталды – Прокуратура

Танымал

Ел аузында

Прокуратура Талғардағы 3 млрд теңгеден астам сомаға салынған мектеп құрылысының сапасын тексеруге кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Алматы облысының прокуратурасы Талғар қаласында 1 200 орындық мектеп құрылысының сапасын бақылауға алды. Құны 3,1 миллиард теңге болатын мектептің құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталған. Қазіргі уақытта шатырдың сапасы, ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру бойынша ақаулар анықталды. Тиісті шаралар қабылдау үшін тексеруге уәкілетті органдардың мамандары тартылды», – делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.

Прокуратура тексеру қорытындысы дайын болғаннан кейін қабылданған шараларды жариялайды.

Еске салайық, Талғарда 3 млрд теңгеге салынған су жаңа мектептің сапасы сыр беріп, іші қирай бастаған еді. Әлеуметтік желіде тараған фотолардан ғимараттың қабырғалары жарылып, төбесінің түсіп қалғанын байқауға болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...