Шучинскте 10 жастағы баланың басына арматура қадалып қалған

Танымал

Ел аузында

Шучинскте он жастағы бала ауруханаға басына қадалып тұрған темірмен жеткізілген. Анасының сөзінше, бала футбол ойнап жүріп дәл темірдің үстіне құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігерлер тобы жедел түрде ота жасап, темірді алып шықты.

«Анасының сөзінше, бала футбол алаңында ойнап жүрген. Сол кезде алаңның жақтауынан шығып тұрған темірге басымен қадалған. Көмек берушілер темірді түбінен кесіп баланы ауруханаға алып келген. Ол ауруханаға жеткізілгенде есін біледі. Дәрігерлер баланың миына компьютерлік томография жасап, негізгі мүшелерге зақым келмегенін анықтады. Дәрігерлер темірді алып шықты», – дейді медициналық мекеменің басшысы Сабыржан Сабырәлиев.

Дәрігерлердің сөзінше, баланың көзі мен тамырлары, миына зақым келмеген. Бала қазір хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.  Жансақтау бөліменен жалпы палатағы ауыстырылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бұл — қазақ спорты үшін үлкен үміт күттіретін жас талантқа көрсетілген зор қолдау мен сенімнің белгісі. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында...