Синоптиктер 7-9 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжам бойынша, солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.
«Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, шығыста және орталықта – көктайғақ, төмен бұрқасын, батыста – шаңды дауыл күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 10-нан 18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8-ден 15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15-тен 20-ға дейін жылы болады», – делінген хабарламада.