Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды

Танымал

Ел аузында

Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«16 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды. Қамау мерзімі – 2022 жылдың 21 қазанына дейін», – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.

Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі бір айға ұзартылған болатын.

Еске салсақ, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. Кейін ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Қайрат Құдайбергеннің Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырғаны айтылды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырауда дін саласында оңалту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев №75 Түзеу...