Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

Қазақстанда зейнетақы 138 мың теңгеге жетеді: Ел билігі қарттар арасындағы кедейлікпен күресетінін жариялады

Танымал

Ел аузында

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі президенттің 1 қыркүйектегі жолдауынан кейін Әлеуметтік кодексінің жобасы шеңберінде базалық зейнетақы мөлшерін арттыру және ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табысты ұлғайту көзделетін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% – ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда өзгерістер нәтижесінде Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемін (қызметкердің зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасады) қамтитын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасты.
Ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп қысқаратыны белгілі, өйткені оларды тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйесі енгізілгенге дейінгі еңбек өтілі ескеріледі», –  делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру және азаматтарды зейнетақының тиісті мөлшерімен қамтамасыз ету мақсатында Әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде мынадай өзгерістер енгізуді ұсынды.

Бірінші. 2023 – 2027 жылдар аралығындағы кезеңде ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 54-тен 70%-ға дейін, ең жоғары мөлшерін 100-ден 120% – ға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін арттырылады. Бұл ретте базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрайды және барлық 2 млн зейнеткерге қатысты болады, дейді жауапты ведомство.

Екінші. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыларды есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделеді.

«Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға (3 жыл ішінде – 109-дан 138 мың теңгеге дейін) арттыруға және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермеу бойынша міндеттемелер қабылдайды», – деп қосты министрлік.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ақпараттық қауіпсіздік мәдениеті ұлттық қорғаныс мәселесі болуы тиіс

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа технологияға бейімдеу керек деген өткеннің сарқыншақтарымен жүретін әлдекімге тұрпыдай естілетін сөйлем шығар. Бірақ сол...