Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27 C
Nur-Sultan
26.7 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Қостанай облысындағы өрт: министрлік қырылған мал санын жариялады

Танымал

Ел аузында

Аманқарағай ауылында 12 бас ірі қара мал, 118 бас шошқа және 261 бас құс қырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысында өрт салдарына қатысты ақпарат жариялады.

«4 қыркүйектегі мәліметтер бойынша Қостанай облысындағы өрт салдарынан Қарасу ауданының Люблинка ауылында және Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 12 бас ірі қара мал, 118 бас шошқа және 261 бас құс қырылды», – делінген хабарламада.

Қостанай облысы әкімдігінің және төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша орман өртінің салдарынан азын-аулақ ауыл шаруашылығы дақылдарының зардап шеккен егістік учаскелері бар.

«Бірақ алқаптар жаппай жойылған жоқ. Атап айтқанда, Қарабалық ауданында 17 га егін орағы өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га дәнді дақылдар зардап шекті. Өртенген дақылдың көлемі нақтыланып жатыр. Қосымша ақпарат мәліметтер түскен соң берілетін болады», – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, өңірдегі жалпы егіс алқабы – 5,3 млн га, оның ішінде, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 3,9 млн га, бидай – 3,5 млн га және майлы дақылдар – 749,1 мың га.

Сондай-ақ, өңір әкімдігінің жедел мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 3 қыркүйегіне дейін 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3%, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...