Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Қазақстанда балалардың арнайы есепшотына қаражат қашаннан бастап түседі

Танымал

Ел аузында

Үкімет мемлекет басшысының 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған тапсырмаларын орындау жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысында жоспардың егжей-тегжейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтып берді.

Оның айтуынша, коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 процентін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, кейіннен оларды тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін «Ұлттық қор-балаларға» жобасын іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7 проценті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылатын болады. Тиісті құжатты жыл соңына дейін қабылдау көзделіп отыр.Ел экономикасына бір уақытта үш жүз мың доллардан  астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге инвестициялық визаны енгізу үшін Көші-қон саясаты тұжырымдамасына және «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына өзгерістер енгізіледі. «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту» төртінші бағыты бойынша 9 іс-шараны іске асыру көзделген, -деді министр. 

Бұнымен қоса апатты және үш ауысымды мектептердің проблемаларын толық шешу мақсатында «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасының шеңберінде 2025 жылға дейін 800 мың оқушы орнына арналған мектептер салынады. 

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және босату жүйесін қайта қарау туралы хабарлады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық кадрлық институтқа айналады.

Жоспарға құқық қорғау мәселелері де енгізілген. Қуантыров елімізде нашақорлықпен күресудің бағдарламалық құжаты әзірленетінін, ауыр қылмыс жасағандар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату алып тасталатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласында ауыл халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленуде. Сонымен қатар, медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы кешенді жақсарту жөніндегі шаралар әзірленеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында медициналық мекеменің жаңа ғимараты қолданысқа берілді

Бүгін Іле ауданы Байкент ауылында орналасқан отбасылық денсаулық орталығының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік...