Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

«Алматыдағы өртті әдейі тұтауы мүмкін»: Полцейлер желідегі видеоға қатысты тексеріс бастады

Танымал

Ел аузында

Алматы полицейлер әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты тексерістің басталғанын мәлімдеді. Кадрлардан белгісіз адамның жанып жатқан оттың жанында тұрғанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мынаны қара. Қайда жүгіну керек, төтенше жағдайлар департаментіне ме?» – дейді видео авторы. 

Пікір қалдырған желі қолданушылары белгісіз адамды «диверсант» деп атады. Сонымен қатар тауда әдейі өрт қоюы мүмкін деп болжады. 

Бостандық ауданы полиция басқармасында видеодағы орынның анықталғанын мәлімдеді. 

«Қазір полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Қаладағы бейне бақылау жүйесіндегі мәліметтер тексеріледі. Бұл әрекетті жасаған азамат анықталып, жауапқа тартылады», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 6 қыркүйекте Кеңсайдағы өрттен кейін Көк-Төбе маңында да өрт басталған еді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жаза өтеушілер арасында 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне...