Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

«Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық шарасы жалғасын табуда

Танымал

Ел аузында

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жаңа оқу жылының басталуына орай, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды күшейтуде. Осы тұрғыда «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полиция қызметкерлері ауданда орналасқан Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп, оларға жолда жүру ережесін түсіндіруде. Сонымен қатар мектеп оқушыларына жолда абай болу, қылмысқа, құқық бұзушылық пен теріс әрекетке бармау жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балаларға құқық бұзушылық пен қылмыс үшін заң алдында жауапты екендігін еске салды. Әртүрлі құқықбұзушылыққа бармауды қатаң ескертті.
Қазіргі таңда Қазығұрт ауданы аумағында балалардың қауіпсіздігін бақылау күшейтілді. Бұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...