Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Жетісайлық полицейлер «Отбасы күніне» орай 3 жанұя мүшелерін қуантты

Танымал

Ел аузында

Мемлекет – отбасыдан басталады. Сондықтан ел Президенті, отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып, қыркүйек айының екiншi жексенбiсiн «Отбасы күні» деп белгілеген болатын. Осыған орай Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшы құрамы игі іс-шара ұйымдастырды.

Яғни полицейлер аз қамтылған, тұрмысы төмен 3 отбасыға қолдау көрсетті. Атап өтсек, тәртіп сақшылары өз еріктерімен қаражаттарын жинақтап, арнайы қой сойып, оның етін және бірінші кезекте қажетті азық-түліктерді алып, таратты. Көмек алған отбасылардың тірегі болған жалғызбасты аналар, полицейлерге ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді. «Қолдау білдіріп, қайырымдылық жасап жатқан полицейлерге рақмет! Алла разы болсын! Жасаған жақсылықтары өздеріне еселеп қайта берсін!»-деп шынайы ризашылығын жеткізді. Халқымызда «Кең болсаң, кем болмайсың», деген даналық сөз бар. Ал Түркістан облысы полицейлерінің бойында адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділік, қайырымдылық секілді асыл қасиеттер әркез табылады. Сондықтан жасөспірімдермен болатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, көмекке мұқтаж отбасы балаларына жүрек жылуын, ізгілік нұрын беру мақсатындағы мұндай шаралар тәртіп сақшылары тарапынан үнемі өткізіліп отырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...