Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20.7 C
Nur-Sultan
14.7 C
Almaty
20.7 C
Shymkent

Каспий Арал тағдырын қайталауы мүмкін – Экологтар

Танымал

Ел аузында

Каспий Арал тарихын қайталайды деп экологтар алаңдаулы. Бүгінге дейін оның көлемі 22 000 км2-ге кішірейген, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы. 

Ресми деректер бойынша, теңіздің тартылуы 2006 жылдан бері жалғасып келеді. Тұзсыз теңіз суын тұтынатын Ақтау тұрғындары Каспийдің тайызданып жатқанына  қорқынышпен қарайды.

Халықтың айтуынша, жағалау сызығы күрт өзгеріп, кей жерлерде теңіз 20 метрге тартылған. Экологиялық апат қаупі бар.

Каспий теңізінің тайыздануын экологтар Еділ мен Жайықтан келетін судың азаюымен байланыстырады. Бұл өзендер су қоймасының 80%-ын толтырады. Эколог Орынбасар Тоғжанов Каспий Арал тағдырын қайталамауы керек деген сенімде.

“Қазақстан мен Ресейдің экологтары бұл жағдайды бірнеше рет талқылады. Әріптестердің айтуынша, соңғы 50 жылда Жайық өзенінің маңында тұратын халық саны 6 есеге өскен. Тұрғындар өзен суын пайдаланады. Бұрынғы кеңестік кезеңдегідей су тұтынуды жоспарлау мүмкін емес, сондықтан Қазақстан да, Ресей де су ресурстарын пайдалануды бірлесіп үнемдеуі керек” – дейді эколог Тоғжанов.

Өкінішке қарай, Қазақстанда тек Каспий теңізінің мәселелерімен айналысатын бірде-бір ғылыми-зерттеу институты жоқ.

Тәуелсіз эколог Кирилл Осиннің айтуынша, бұл мәселенің өршуі жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты.

“Күн ыстық, жауын-шашын аз. Каспий теңізіне 140-тан астам өзен құяды, бірақ оны толтыратын 2 негізгі өзен Еділ мен Жайық азайып барады” – деді ол. 

2025 жылға дейін Маңғыстау облысында қуаттылығы 286 мың текше метр суды құрайтын 9 жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Оның 6-ы Каспий теңізін тұщылатуға бағытталған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұсақ бұзақылыққа бейжай қарауға болмайды

Қоғамда қалыптасып отырған жағдайларға, заманауи қажеттіліктерге орай Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер мен түзетулер енгізілгенінен көпшілік жақсы хабардар....