Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Елдегі жылдық инфляция 16%-дан асып кетті – Әлихан Смайылов

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында инфляцияның артқанына алаңдаушылық білдірді. Сөзінше, 8 айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 16%-дан асып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлихан Смайылов 8 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі көрсеткіштер Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өскенін айтты.

“Барлық әкімдіктер өңір экономикасының өсу қарқынын төмендетпеуі керек. Сонымен қатар тамыз айының қорытындысы бойынша елімізде жылдық инфляция 16%-дан асып кетті», – деді ол.

Үкімет басшысы барлық жауапты басшыларға бағаны тұрақтандыру жұмысын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

«Өңір әкімдіктері мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдері өндірісін ынталандыру және ішкі нарықты толықтыру бойынша жұмыстарды күшейту қажет», – деді премьер-министр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат...