Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

2028 жылдан әйелдер қайтадан 63 жаста зейнетке шыға ма?

Танымал

Ел аузында

2028 жылға дейін қазір. 2028 жылдан кейін көреміз.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап президент тапсырмасына сәйкес, әйелдердің зейнет жасы 61 жасқа дейін төмендейді. Алайда бұл уақытша – 2028 жылға дейін ғана қабылданған шара. 2028 жылдан кейін зейнет жасы қайтадан 63 жасқа көтеріле ме? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға қойды.

«Мемлекет басшысы айтқаннан кейін заңға енгізіп, үкімет құрамындағы азаматтардың бәрімен келістік. Енді мәжіліске енгізгелі жатырмыз», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр заңға өзгерістер жақын арада енгізіліп, 1 қаңтардан бастап зейнет жасы 61 жасқа төмендейтінін айтты. «Ал бұл шара тек 2028 жылға дейін бола ма? Одан кейін тағы әйелдер үшін зейнет жасы 63 жасқа көтеріле ме?» деген сұраққа министр былай деді.

«2028 жылға дейін қазір. 2028 жылдан кейін көреміз. Зейнеткерлік жасы өмір ұзақтығына, денсаулығына, зейнетақының мөлшеріне байланысты белгіленеді. 2028 жылға дейін осы мәселелер бойынша қараймыз. Ары қарай уақыт көрсетеді», – деді Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетсек, осы жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасы 61 жасқа төмендейтінін мәлім еткен еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...