Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.9 C
Nur-Sultan
22.7 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтетін болжамды күн аталды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда күзде өтеді деп жоспарланған кезектен тыс президенттік сайлаудың болжамды күні аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сайлау қарашаның бірінші жартысында шамамен – 13 күні өтеді деп күтілуде», – деп жазады ҚазТАГ сенімді дереккөзге сілтеп.

Конституцияға сәйкес, кезекті Президент сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өтеді және Республиканың жаңа парламентінің сайлауымен сәйкес келмейді. Ал кезектен тыс президент сайлауы мемлекет басшысының шешiмiмен тағайындалады және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сондай-ақ сол мерзiмде өткiзiледi.

Қолданыстағы заңда «Кезектен тыс Президент сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және ол тағайындалған күннен бастап екі ай ішінде өткізілетіні» жазылған.

Әміржан Қосанов президент сайлауына тағы да қатысуға ниетті екенін мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында кезектен тыс сайлау күздің соңына дейін өтетінін айтқан еді.

Еске салайық, Тоқаев президенттікке екінші мерзімге өз кандидатурасын ұсыну ниетін білдірген. Бұдан бөлек парламент пен мәслихат сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген.

2 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары сайлауға дейін жеті жылдық президенттік билікті енгізуді және Астана атауын қайтаруды ұсынған.

12 қыркүйекте Тоқаев Конституциялық Кеңестен президенттік мерзімі туралы бастамаларды тексеруді сұрады, кеңес бұл бастамаларды заңды деп санайтындарын айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...