Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

National Geographic Qazaqstan мектептерде «Қызықты ғылым» жобасын бастайды

Танымал

Ел аузында

Елімізде география пәні мұғалімдері мен оқушыларға арналған «Қызықты ғылым» жобасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жобаны «Шеврон» компаниясының қолдауымен «KAZMEDIA HOLDING» жүзеге асыруда. Бұл бастама аясында өткізілетін арнаулы семинарларда мұғалімдерге 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған National Geographic журналының ресурстарын тиімді қолдану әдістері таныстырылады. Нұр-Сұлтан қаласындағы география мұғалімдеріне семинарлардың алғашқы бөлігі 13 қыркүйекте өткізіледі.

Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» бастамасын қолдау аясында атқарылып жатыр.

Жоба екі мақсатты көздейді. Біріншісі – әлемдік деңгейдегі сапалы ғылыми контенттердің қазақ тіліндегі қолжетімділігін кеңейту. Бұл ретте компания National Geographic журналының қазақ тіліндегі жиынтық топтамаларымен республика мектептерінің кітапханаларын қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда. «Шеврон» компаниясының атсалысуымен жыл соңына дейін Батыс Қазақстан облысының және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының мектептеріне журнал топтамалары тегін тапсырылады.

Жобаның екінші мақсаты – қоғамда ғылымға деген қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру. Соған орай, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арнайы тақырыптық семинарлар өткізіліп, әлемдік ғылыми-ресурстарды сабақ барысында қалай қолдануға, оқушыларды қалай қызықтыруға болатынын, ал оқушыларға ғылыми жобаларына қалай дұрыс пайдалану керектігін жан-жақты түсіндіріледі.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

«KAZMEDIA HOLDING» компаниясы баспа және медиа нарықта 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Мемлекеттің әлемнің үздік әдеби-ғылыми және іскерлік кітаптарын қазақ тілінде қолжетімді ету бастамасын қолдау аясында «Друкер күнделігі», «Шағын бизнесте қалай көп ақша табуға болады?»,  «Ойлан және байы», «Қаржылық тәуелсіздікке жол», «Жетістікке жеткендердің жеті дағдысы» сынды қаржы-экономика саласындағы танымал туындыларды қазақ тіліне аударып, басып шығарған.

Сондай-ақ 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған National Geographic журналын 2016 жылдан бері қазақ тілінде шығарып, қазақстандық оқырмандарға ұсынып келеді. 

Өтетін орны: 13 қыркүйек, сағат 15:00-де №72 мектеп-лицейінде, А.Байтұрсынов к-сі, 25, тел.: +7 747 607 0420, +7 701 964 0285

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...