Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«Ұят болды»: Меруерт Түсіпбаева елорда атауын өзгертуді қолдаған депутаттарға шүйлікті 

Танымал

Ел аузында

Меруерт Түсіпбаева елорда атауын қайта өзгертуді ұсынған депутаттарға шүйлікті. Әнші «халық қалаулыларының» бұл ісіне ұят деп баға берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Өз басым, өзге атаумен Астананы атаған емеспін. Журналистер осы күндері қаланың атын 100 өзгертіп, құбылтқан депутаттарды дәлізден ұстап алып, сұрақтарды жаудыртуда. Сол керек. Сасқан үйрек артымен жүзер дегендей, кейбір сәл-пәл ұяты барлар жауап бере алмай күмілжіп, қашып жатыр. Кей беті қалыңдары, ұялмай-қызармай «халықтың өтініші, халықтың сұрауымен» деп ақталуда. Халыққа бәрібір сияқты. Негізі ұят болды. Олар үшін ұялып отырған мен ғана ма? Жағымпаздық – қазақтың қасіреті! Бір позицияда тұрмайсыздар ма?! Елімізді кімге сеніп тапсырдық?» – деп ашынды Түсіпбаева.

Айта кетейік, парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдірген. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Көп ұзамай Конституциялық кеңес Тоқаевтың ұсынысы бойынша шешім қабылдады. Кеше бұл ұсынысты ономастика комиссиясы қолдады. 15 қыркүйекте мәслихат Нұр-Сұлтанның атауын Астана деп өзгерту мәселесін қарайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

DISNEY СТУДИЯСЫНЫҢ «МОАНА 2» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады 28 қараша күні Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Disney студиясының «Моана 2» анимациялық фильмінің...