Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

16 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды

Танымал

Ел аузында

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шиеленіс қайта өршіді. 16-қыркүйектің таңы қос тарап үшін атыспен басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Таңғы сағат 6.00-дан бастап тәжік тарапы Қырғызстанның шекара отряды мен заставаларын миномёттің астына алған. Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай шиеленіскен сипатқа ие.

«Сағат 06:00-де тәжік тарапы Екі-Таш, Чир-Добо, Кум, Мазар мен Орто-Боз аумақтарын, ҚР ҰҚМК шекара отрядтарын топтық қарудан атқылай бастады», – делінген Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің мәлімдемесінде.  

Сонымен қатар атыс Баткен шекара отрядына қарасты Көк-Таш шекара заставасының аумағында да жалғасқан.

Екі жақ та күшейтілген режимге көшкен.

Жағдайды тұрақтандыру және қақтығыстың өршуіне жол бермеу үшін бірнеше рет екіжақты келісім болғанмен, одан нәтиже шығар емес.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...