Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

Танымал

Ел аузында

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

19 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі суық антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнде еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында үсік күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел бойынша екпінді жел, оңтүстікте – шаңды дауыл, шығыста түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Ақмола облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады. Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы болады.

Шымкент қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...