Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

«Қазіргі билік рұқсат етіпті»: Мақпал Жүнісова қудалауда болғанын ашық айтты

Танымал

Ел аузында

Марқұм мемлекет және қоғам қайраткері, кезінде Алматы қаласының әкімі болған Заманбек Нұрқаділов билікке қарсы шыққаннан кейін, Мақпал Жүнісова қудалауда болғанын айтады. Халық әртісі республикалық арналардың қара тізіміне еніп, бағдарламаларға шақырту алуды қойған. Ол дәурен өтті. Жаңа билік Жүнісованың халықпен қайта қауышуына рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Халық әртісі Instagram парақшасында жазды. Жүнісова Қыдырәлі мен Қарақат жүргізетін «Жақсы адамдарым» бағдарламасына шақырту алған. 

«Осы хабарға мені түсуруге болмайды деген, Зәкең билікке қарсы шыққаннан кейін қара тізімде болып едік. Қазіргі билік рұқсат етіпті. Дүйсенбіде түсіреді екен, көрермендер болады дейді. Көрермендер болады дегенді мен түнде біліп жатырмын. Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы хабарға шақыруды 18 жыл күтіппін», – деп ағынан жарылды Мақпал Жүнісова.

Түсірілімге бару жайлы ұзақ ойланған Жүнісова ақыры көрерменімен қайта қауышқанын айтты. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...