Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Осындай кезекті көше бойын патрульдеу барысында, полицейлердің назарына күмәнді «ВАЗ» автокөлігі ілінеді.
Полицейлер тексеру кезінде көліктен травматикалық тапаншаға ұқсас 2 дана қару мен оқ-дәрілер тапты. Тәртіп сақшылары жүргізушіден айғақты зат ретінде қаруларды тәркілеп алып, ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Қаруға қатысты сараптама тағайындалды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.
Күнделікті атқарылатын мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар түрлі қылмыстардың төмендеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі