«Миллионның бірінде болатын сырқат»: Жұлдызай Дүйсенбиева айықпас дертке шалдыққанын айтты

Танымал

Ел аузында

Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығындағы ақау жайлы айтты. Сөзінше, ол миллионның бірінде кездесетін жүрек ауруына шалдыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жұлдызай аталған дерттің салдарынан ұшаққа отыра алмайды. 

«Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды. Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін», – деп ағынан жарылды Дүйсенбиева.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті чемпиондарын ұлықтады

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті әрқашан үздік спортшыларды қолдайды. Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға білім беру грантын табыстауға...