Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Полицейлер жоғалған жасөспірім қызды тауып, алғысқа бөленді

Танымал

Ел аузында

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның 15 жасар қызы үйінен ешкімге ескертпестен шығып кетіп, оралмаған. Жақындары өздіктерімен іздегенімен, еш нәтиже шықпаған.
Ақпарат алысымен полицейлер аталған жайтты тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Учаскелік полиция инспекторлары жасөспірім қыздың туыстарымен бірге іздеу шараларын жүйелі жүргізді. Жасөспірімнің баруы, хабарласуы мүмкін дос-туыстарынан жауап алынды.
Қоғамдық көліктер, такси жүргізушілерінен сұрастырылды. Соның нәтижесінде 15 жасар қыз аудандағы колледж маңынан табылды. Яғни полицейлер бірнеше сағат ішінде жоғалған қыздың жүрген жерін анықтады. Ол колледждегі достарына барған болып шықты.
Қызымен қауышқан анасы полицейлерге өз алғысын білдіріп: «Жоғалған қызымды тауып берген полиция қызметкерлеріне рақметімді айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!»-деді.

Полиция қызметкерлері барша ата-аналарға өтпелі кезеңде жүрген ұл-қызымен досы ретінде сөйлесіп, араласатын ортасын қадағалауды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...